Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысындағы флешмоб: Дәрігерлер далаға өз еріктерімен шыққандарын мәлімдеді

Арнайы флешмобқа дәрігерлерді далаға шығарған Түркістан облысының тубдиспансерінің бас дәрігері жазаланбайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК-ға сілтеме беріп.

Аза тұту күні дәрігерлер коронавирустан қайтыс болған әріптестерін еске алу үшін жол бойында сап түзеді. Видео желіде тарап, халықтың наразылығын туғызды. Билік кінәні аурухана басшылығына жүктеді. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары акцияны "қылмыстық әрекет" деп бағалап, тиісті адамдар жазаларын алатынын айтты. Алайда бүгін шешімінен айнып қалған.

– Көліктер кетіп бара жатыр, дәрігерлер көшеде тұр…

Әкім орынбасары Сәкен Қалқаманов тубдиспансердің бас дәрігерін толық ақпаратты білмей жазалауға уәде еткенін түсіндірді. Шенеунік сондай-ақ, әлеуметтік желілерде дәрігерлердің жол бойындағы ыстықта тұрғанын көріп, Фейсбуктағы парақшада болып жатқан оқиғаларды эмоционалды түрде түсіндірді.



Ал бүгін бас дәрігер медицина қызметкерлері қауымдастығының шақыруына үн қосып, ұжыммен флешмобты келіскенін анықтаған. Сондықтан ешкімді жазаламаймын деп шешкен.

Аурхананың өзінде барлығы келісілген, еркін түрде болғанын, бас дәрігердің кінәсі жоқ екенін айтады.

 "Шымкент қаласында орналасқан Түркістан туберкулезге қарсы диспансерінің ұжымы атынан ресми түрде мәлімдеймін: бұл іс-шара Ұлттық медицина қауымдастығының төрағасы Айжан Бегадарқызының үндеуіне қолдау ретінде барлық медицина қызметкерлеріне індетке қарсы күресте қаза тапқан әріптестерін еске алу мақсатындағы бірауыздан қабылдан шешім болып табылады", - деді Ғалымжан Нұржанов,  туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігерінің орынбасары.

Еске салсақ, Шымкентте облыстық туберкулез диспансерінде жұмыс уақытында дәрігерлер далаға шығып, аза тұту күнінде флешмоб ұйымдастарды.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 15 Шілде, 2020 09:01
Талқылау