Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вице-министр биылғы ҰБТ қалай өтетінін түсіндірді

Қазақстанның білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов министрліктің аппарат жиналысында биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің қалай өтетінін айтты,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ұбт

Оның айтуынша, биыл мектеп түлектері ҰБТ-ны 2 рет тапсыра алады.

"Наурыздың 10-ы мен сәуірдің 10-ы аралығында ҰБТ ақылы негізде өтеді. Оған үміткерлер бір рет қана қатыса алады. Ал 15 сәуір мен 30 маусым аралығында ҰБТ тегін болады. Бұл ретте үміткерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігіне ие. Олар білім гранттарын бөлуге қатысады. Сәуір-маусым аралығындағы ҰБТ-ға биыл мектеп бітіретін 120 мың түлектің қатысатындығы жоспарланған", - деді ол.

Мирас Дәуленовтің айтуынша, еліміздің өңірлерінде ҰБТ өткізу пунктерінің саны жеткілікті.

"Биыл ҰБТ-ны мектеп бітірушілер, өткен жылы орта білім ұйымдарын бітіргендер, кәсіби-техникалық орта білім алғандар, Қазақстан азаматы емес тұлғалар, шетелдердегі білім ұйымын бітіргендер тапсырады.

Өткен жылы біз оларға ҰБТ-ны пандемияға байланысты қашықтан өткізген едік. Сондықтан оларда ҰБТ-ны электронды форматта тапсыру тәжірибесі бар және бұл олар үшін жаңалық емес", - деді вице-министр.

Гүлдана Қазтай
Сейсенбі, 30 Наурыз, 2021 17:49
Талқылау