Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Венгриялық компанияның қатысуымен Батыс Қазақстанда Рожковское кен орны ашылды

Тоқаев венгриялық компанияның қатысуымен Батыс Қазақстанда Рожковское кен орнының ашылғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Венгрияның MOL мұнай-газ компаниясы жобаға 192 миллион доллар инвестициялауды жоспарлап отыр. Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан президенті мен Венгрия премьер-министрі брифинг өткізіп, онда қол жеткізілген уағдаластықтар туралы айтты.

"Жыл соңына дейін Батыс Қазақстандағы ірі Рожковское газ конденсаты кен орны пайдалануға беріледі. Оған венгриялық MOL мұнай-газ компаниясы 192 млн доллар инвестициялайды. Сонымен қатар Globalia еліміздің бірқатар аймақтарында күн электр станцияларын салуды жоспарлап отыр. Жобаның құны 150 млн доллар болады", - деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ жақында "Equilibrium Capital" Астана халықаралық қаржы орталығында шетелдік қор менеджері мәртебесін алды. 

"Ол осындай жоғары атаққа қол жеткізген алғашқы венгриялық компания болды. Компания жасыл энергетика және денсаулық сақтау саласындағы жобаларды қаржыландыра алады. Сонымен қатар Қазақстанда үш инвестициялық қор құруды көздеп отыр", - деді президент.

Сондай-ақ бүгін венгр ақыны Шандор Петофидің 200 жылдығына орай елорданың жаңа көшелерінің біріне белгілі ақынның есімі берілмек.

"Біздің ел Еуропаның ішінде орналасқан және теңізге шыға алмайтындықтан, біз көптеген тауарларды экспорттаймыз. Мұнай бізге Ресей мен Қазақстаннан жеткізіледі. Көлемдер әлі аз болса да, жеткізу жолы ашық және бұл біздің еліміздің қауіпсіздігі тұрғысынан өте маңызды қадам", - деді Венгрия премьер-министрі.

Айта кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбанды І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

Талқылау