Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты сот үкімі шықты

Алматы соты Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сот қаулысымен Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Төребаев пен Шерниязовтан басқа сотталушылардың барлығы дерлік Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп танылды. “217"- бап қаржы пирамидасын құру және басқару және “262" бап ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және басқару". Вайнерлер тек 217-бап бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкімімен күдіктілерге бас бостандығынан айырудың түрлі мерзімдері тағайындалды.

"Мейіржан Төребаевқа ең төменгі қауіпсіздік колониясында бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Мейірхан Шерниязов ең төменгі қауіпсіздік колониясында бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын өтесін”, – делінген сотта. 

Прокурор ұйымдасқан қылмыстық топтың (ҰҚТ) басшысы деп таныған Алмас Құрманғалиевті кінәлі деп тауып, 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу туралы үкім шығарды.

Сот барысында Astex компаниясының директорын қорқытқан Руслан Бұрқанов та ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны үшін кінәлі деп танылды. Жазасы – 12 жыл қауіпсіздігі орташа мекемеде.

Басқа айыпталушылар мынадай жазаға тартылды:

  • Дания Рахимова – орташа қауіпсіздік мекемесінде 10 жыл.
  • Ержан мен Ерлан Мансұровтар – 9 жыл колонияда.
  • Тимур Рүстемов – 12 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Нұрлан Сұлтанбаев – 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Андрей Ча – 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
  • Самат Қасенов – 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Прокурор Ерлан Құранбаев вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты бес жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. 

Еске салайық, биыл ақпан айында блогерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген болатын. 2022 жылдың 20 сәуірде олар 10 тәулікке қамауға алынып, кейін қамауға алу мерзімі тергеу жұмыстарына байланысты әр ай сайын ұзартылып келеді.

Еске салайық, 12 желтоқсанда қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған танымал вайнерлердің ісі сотқа жолданған болатын.

Қаржы пирамидасы ісі бойынша, А. Ораз пен А. Саидбаевқа халықаралық іздеу жарияланған. Қадағалау органының мәліметінше, қылмыстық істің негізінде 41 жылжымайтын мүлікке, 3 автокөлікке, 9 банк шотына және 16 компанияның жарғылық капиталындағы әртүрлі үлестерге тыйым салынды. Еске салайық, Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы 3-бөлігі бойынша айып тақты. Кейін Мейіржан Төребаев үйқамаққа ауыстырылды. 

Шерниязов пен Төребаев сотта қаржы пирамидасын құрды және ұйымдастырды деген айыптаумен келіспейтіндерін және өз кінәсін мойындамағанын мәлімдеген болатын. 

Талқылау