Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Василий Левит Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлерін жаттықтырады

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қатарына қосылды. Спортшы Қызметкерлерді физикалық шынықтыру басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Левит

Василий Левитке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарының дене шынықтыру деңгейін арттыру, сондай-ақ агенттікті құқық қорғау органдарында танымал ету міндеті қойылды.

Василий Левит – 1988 жылы туған, Қостанай облысының тумасы, білімі жоғары.

ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, екі Олимпиада ойындарының қатысушысы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері (2017, 2019), Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін Азия чемпионы (2009, 2015, 2017), Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері (2019, 2021), бокстан халықаралық және ұлттық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

Ел дамуына қосқан үлесі үшін 2 дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталған.

Талқылау