Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бас санитар дәрігер: Вакцина салғызбағандардың соңына түспейміз

Денсаулық сақтау вице-министрі - ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов вакцина салмаған адамдар қудаланбайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Біз бірнеше рет вакцинация - ерікті іс деп айттық. Вакцинация туралы шешім қабылдаған әрбір адам өзінің және ерікті шешімінің негізінде шешім қабылдайды. Егер ол вакцинациядан бас тартса, онда біз оны статистикаға қосу үшін қудалау шараларын жүргізбейміз", - деді бас санитар дәрігер.

Сонымен қатар ол вакцинацияға ниет білдірген азаматтар препаратты қашан алатынын айтты.

"Қазіргі таңда тиісті топтарға вакцина салынды. Наурыз-сәуір айларында өндірістің ай сайынғы өсімі болады деп күтеміз, наурыз айына дейін вакцина өндірісі айына 160 мың дозаға дейін, сәуірде 600 мың дозаға дейін ұлғаяды. Сондықтан, халықтың тиісті топтары вакциналармен қамтылғаннан кейін, сәуір айының соңына қарай вакцинацияға ниет білдірген азаматтар нарықта қол жетімді вакцинаны пайдалана алады деп ойлаймыз", - деді  Ерлан Қиясов.

Талқылау