AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Вакцина салдырмағандар қанша айыппұл төлейді

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Ержан Байтанаев 15 шілдеге дейін екпе алмаған жұмысшылар мен жұмыс берушілер қандай жазаға тартылатынын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Kazakhastan-ға сілтеме жасап. 

вакцина

Оның айтуынша, шағын, орта және ірі кәсіпорындардың жұмысшылары жазаға тартылмайды, оларға айыппұл салынбайды. Ал вакцина салдырмаған адамдарды жұмысқа кіргізген кәсіпкерлерге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 462-бабы, 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама рәсімделеді.

"Мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өздерінің құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды, нұсқамаларды, ұсынуларды, қаулыларды орындамау немесе тиiсті деңгейде орындамауы үшін айыппұл төлейді", – делінген осы бапта. Айыппұлдың көлемі де көрсетілген.



Олар:

  • жеке тұлғаларға – 5 АЕК (14 585 теңге шамасында),
  • лауазымды адамдарға – 15 АЕК (43 755 теңге шамасында),
  • шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 100 АЕК (291 700 теңге шамасында),
  • орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК (583 400 теңге шамасында),
  • ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 500 АЕК (1 458 500 тенге).

Бұдан бөлек, кәсіпкерлік нысанның қызметін тоқтатуы да мүмкін.

Осы орайда қоғам ішінде "ИП" ашқан және жалғыз өзі істейтін кәсіпкерлерге қатысты сұрақтар жиі қойылып жатыр. Мәселен, шаштараз жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, өзі ғана жұмыс істейді.

"Ондай жеке кәсіпкерге микро-ИП ретінде жеке адамдарға қарастырылған айыппұл (5 АЕК) салуға шешім қабылданды", – дейді Байтанаев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр