Вакцина егуге болмайтын қазақстандықтар Ashyq-та "жасыл" статус алады
"Көк" түсті статусы бар қазақстандықтар демалыс күндері сауда орталықтары мен өзге де мекемелерге дәрігердің "екпе алуға болмайды" деген анықтамасын көрсетіп кіре алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенованың айтуынша, денсаулығына байланысты коронавирусқа қарсы екпе ала алмаған, сондықтан Ashyq қосымшасында "көк" түсті статуспен жүрген азаматтар жуық арада "жасыл" мәртебеге ие болады.
“Қазір министрлік вакцинаға қарсы көрсетілімі бар азаматтар "жасыл" мәртебеге ие болуы үшін интеграциялық процесс жүргізіп жатыр”, – деп хабарлады ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Нұр-Сұлтандағы Ashyq қосымшасын пайдаланаты мекемелер қазір түнгі сағат 02.00-ге дейін жұмыс істей алатын айта кету керек.
Бұған дейін Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Cұлтан қаласы не себепті "қызыл аймақтан" шықпайтынын түсіндіріп берген болатын.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ