Ұзындығы 7,5 метрлік жылан күзетшінің қолын жұлып алды (фото)
Күзетшілер ұзындығы 7,5 метр болатын алып жыланмен арпалысып жатыр. Оны жергілікті тұрғындар бірнеше бөлікке бөліп, етін қуырып жеген екен.
Бұл туралы dailymail.co.uk басылымы жазды.
37 жастағы Роберт Нэбэбэн жұмыс барысында 7,5 метрлік жылан тауып алған. Бастапқыда жыланды үлкен сөмкенің ішіне салмақ болған екен. Суматра аралының тұрғындары кешкі асқа жылан жегендері үшін қуанып жүр.
Жылан Нэбэбэннің бір қолын жұлып алған екен. Осыдан кейін ер адам шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. “Мен оны мүшекке салмақ болдым. Ал ол болса, біз айқасып жатқан кезде бір қолымды жұлып алды”, – дейді Нэбэбэ.
Жергілікті полиция мен тұрғындар мұндай алып жыланды алғаш көріп тұрғандарын айтады. Әдетте мұндай түрлері Индонезия мен Филиппинде кездеседі.
Естеріңізге сала кетсек, наурыз айында жоғалған фермер алып жыланның ішінен табылған болатын. Оқиға Сулавеси аралында болған.
Жіберіп алмаңыз:
Шымкент мамандары ауыр хәлде жатқан науқасқа дәрігер жіберуге тағы да тапсырыс берген
Шымкент мамандары ауыр хәлде жатқан науқасқа дәрігер жіберуге тағы да тапсырыс берген
Жасөспірім достарының көңілін көтеру үшін қаңғыбасты ұрып өлтірді (видео)
Бақтияр Артаев: Головкиннің соңғы жекпе-жегінде тең түскеніне қуанамын

“Үш жерде жұмыс істесем де, отбасымды асырауға жетпеді”: Шотландияға кеткен отандасымыз Қазақстандағыдан 10 есе көп жалақы алатынын айтты
