Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент мамандары ауыр хәлде жатқан науқасқа дәрігер жіберуге тағы да тапсырыс берген

Ал осы апатта көз жұмған дәрігерлерді көмекке шақырған оңтүстікқазақстандық науқастың жағдайы әлі де ауыр. 30 жастағы келіншек облыстық клиникалық ауруханаға 2-қазан күні Түркістаннан ауыстырылған.

Алтыншы сәбиін өмірге алып келген әйел 2015 жылдан бері бауыр ауыруына байланысты арнайы есепте тұрады екен, деп хабарлайды Астана арнасы.

Босанудан кейін жағдайының күрт нашарлауы сырқаттың әсерінен болуы мүмкін, – дейді дәрігерлер. Халі тым ауырлап бара жатқан соң білікті дәрігерлерді шақыртуға тура келіпті.

“Бұл қалыпты үрдіс болып есептеледі. Бізді аудандарға шақыртатыны секілді біз де  қажет болған жағдайда республикадан білікті дәрігерлердің көмегіне жүгінеміз. Бірақ дәл біздің шақыртуымызға шығып, қайғылы жағдайға ұшырағанына қатты қынжылып отырмыз. Олардың өліміне себепкер болғандаймыз”, – дейді облыстық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімі  меңгерушісі Вячеслав Цай.

Шымкенттік дәрігерлер қазір науқастың өмірі үшін күресуде. Ол жасанды демалдыру аппаратының көмегімен тыныс алып жатыр. Мамандар республикадан екінші рет білікті дәрігерлерді шақыртуға тапсырыс жіберіпті. Алайда, Қазақстанның санитарлық авиация орталығы қайтадан ұшақ жіберілмейтінін мәлімдеді.

Министрлік таратқан ақпаратқа сай, бұған аса қажеттілік жоқ көрінеді. Дәрігерлер телемедициналық кеңестен соң өзара осындай қорытындыға келген. Ал профессор Талғат Патсаевтың мәйіті туған жері Шымкентке жеткізіліп, сол жақта жер қойнына тапсырылмақ.

Тағы да оқыңыз:

Жасөспірім достарының көңілін көтеру үшін қаңғыбасты ұрып өлтірді (видео)

Бақтияр Артаев: Головкиннің соңғы жекпе-жегінде тең түскеніне қуанамын

Қостанайлық əйел 70-ке таяған əжесін ұрып тастаған

Талқылау