Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұзынағашта қаза тапқан үш жігіттің отбасына материалдық көмек көрсетілмейді

Ұзынағашта қаза тапқан үш жігіттің отбасына материалдық көмек көрсетіледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады Алматы облысы әкімінің орынбасары Бахтияр Өнербаев ҚазАқпарат тілшісіне.

Безымянный

«Ағайынды жігіттердің өліміне байланысты материалдық көмек көрсетіледі деген кейбір БАҚ-тардағы ақпарат дұрыс емес. Ресми түрде мәлімдеймін. Алдын ала біз ешқандай уәде бергеніміз жоқ. Тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер ұсталды. Сот өтсін, анықталсын. Бұл  қылмыстық оқиға. Қазақпыз ғой, аудан, ауыл әкімдеріне тапсырма бердік, барып, қайғыларына ортақтасып, қарайласу жағын тапсырдық. Аудан әкімі отын, суын түсіріп беріп қолдан келгенше көмегін көрсетіп жатыр. Әкімшілік шет қарап отырған жоқ. Мұсылманның парызы ғой көңіл айту. Облыс әкімі бақылауында ұстап отыр. Бүгінгі аппарат жиынында сұрап, тапсырмаларын берді», – деді Бахтияр Өнербаев.

Марқұмдардың туысқандарының айтуынша, Долданұлы Жарқынбек (1979 жылы туған), Зарлыханұлы Мұқият (1973 жылы туған), Әлімхан Қадылбек Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданынан сатып алған 40 бас малды екі жүк көлігімен 17 қыркүйек күні Ұзынағаш базарына шығарған. Содан із-түзсіз жоғалып кеткен. Бірнеше күннен кейін олардың денесі табылды.

24 қыркүйекте Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі із-түзсіз жоғалған үш ағайындының өліміне қатысты күдіктілер ұсталғанын хабарлады.

«Облыстық ІІД басшысының бірінші орынбасары подполковник Нұрлан Мәсімов басшылық еткен іздеу шараларына аудандық және аймақтық полицейлер де жұмылдырылды. Жоғалғандарды өлтірді деген күдікпен Жамбыл ауданының екі азаматы ұсталды. Жәбірленушілердің денелері табылды. ҚР ҚК 99-бабы, 2-бөлімі бойынша (Кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалды», – делінген баспасөз қызметінің хабарында.

Кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу жұмыстары Алматы облыстық Ішкі істер департаменті басшылығының қатаң бақылауына алынған.

Еске сала кетейік, өткен жексенбіде БАҚ-та Алматы облысы Жамбыл ауданында мал саудасымен айналысып жүрген үш жігіттің жоғалып кеткені туралы хабарланған болатын.

Марқұмдардың туысқандарының айтуынша, Долданұлы Жарқынбек (1979 жылы туған), Зарлыханұлы Мұқият (1973 жылы туған), Әлімхан Қадылбек Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданынан сатып алған 40 бас малды екі жүк көлігімен 17 қыркүйек күні Ұзынағаш базарына шығарған. 19 қыркүйекте соңғы рет байланысқа шыққан. Бірнеше күннен кейін олардың денесі табылды.

Жіберіп алмаңыз:

Жаяу жүргіншіні қағып кеткен айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваның қызы болып шықты

Ақтөбеде үш күн бойы цитрамон ішкен жас ана бір аптадан бері ес-түссіз жатыр

Анасы 5 жастағы қызын Атырау-Орал тас жолына тастап кеткен

“NinetyOne” тобын қолдаған оңтүстік жастары батыр бабалардың сырға тағып, шаш бояғанын мысалға келтірді (видео)

Талқылау