Алматы облысында малын 6 миллион теңгеге сатып үйіне оралмаған ағайынды 3 жігіт табылмай жатыр

Жұма, 23 Қыркүйек , 2016 21:38

Алматы облысында мал сатып жүрген 3 жігіт іс-түссіз жоғалып кетті. Ұзынағаштағы мал базарына бақандай 40 бас ірі қараны алып шыққан ағайындылар сол күйі ауылдарына оралмаған, КТК арнасының сайты.

ееее

Жігіттердің әлдебіреулермен бағаға келісіп, мал тиелген екі жүк көлігімен тауға қарай кеткенін көргендер бар. Тек сол көліктердің бірі бос күйінде тау арасынан табылса, екіншісін тіпті өртеп жіберіпті.

-Малымен қоса жоғалғандардың базардан мініп кеткен көліктерінің бірі қазір Алматы облысындағы ауыл арасындағы жолдардың бірінен табылып отыр. Жем-шөбі ішінде сол күйі жатыр. Қазір полиция қызметкерлері көліктен қол іздерін алуда.

Көліктің алдыңғы мемлекеттік нөмірі алып тасталынған. Артқы нөмірін де шешпек болғаны көрініп тұр. Ішінде киім-кешек, малдың қоршауы да тұр. Тек ірі қараның өзі мен иелері жоқ. 40 бас сиырды өткен демалыста Жарқынбек, Қаділбек, Мұқият есімді үш ағайынды жігіт әкелген екен. Содан бері ешқайсынан хабар жоқ. Қамкөңіл жақындары олардың тірі екеніне сенімді. Сондықтан аман-есен қайтарса деп сұрап отыр.

-“Малын қайтеміз енді.  Ол адамдар қателескен шығар, жаза басқан шығар. Оларды жазаға тартпаймыз.  Бізге адам керек, отбасына аман-есен оралса болғаны. Балалары улап- шулап жатыр, өте ауыр халде, аналары ауруханаға түсіп қалды”, – дейді жоғалғандардың әкесі.

Үш бірдей ұлынан көз жазып қалған әке өзін қоярға жер таппай жүр. Айтуынша, балалары бес жылдан бері мал саудасымен айналысып келеді. Бірақ, малдың иесімен қоса жоғалуы бұл бірінші жағдай екен. Айдаладан табылған көлікті көргенде бауырлары шыдай алмай жылап та жіберді.

Ал екінші көлік осы арадан 15 шақырым жердегі Қаншеңгелді ауылының маңынан өртенген күйі табылып отыр. Куәгерлердің айтуынша, ағайындылар 40 бас ірі қараны түгел сатып аламын деген адаммен 6 миллион теңгеге келіскен екен. Бірақ, әлгі сатып алушы «ақша үйде» деген сылтаумен жігіттерді өзімен ерте кеткен.

-“Малды саттық, бірақ ақшасын әкеп берген жоқ, ақшасы келе жатыр деді. Одан былай солға қарай шықты да кетіп бара жатты екі КАМАЗ. Орталарында үш шағын  машина еріп бара жатқанын көрдім”, – дейді оқиға куәгері Мұратхан Арыстан.

-“Өте көңілді тұрды.  Мен малымды сатып жібердім, бірақ ақшасын алғам жоқ, деді. Осы Ұзынағаштың көлемінде бір қырық шақырым жер шамасы.  Мен ашылып сұрамадым қай ауыл, қай жер деп, – дейді оқиға куәгері Кәрімбек Нығметұлы.

Жарқынбек Долданов, Қаділбек Әлемхан мен Мұқият Зарылқанның әрқайсысының үшеуден бала-шағасы бар екен. Ең кішісі небәрі -1 жаста. Полициядан бөлек жоғалғандарды жора-жолдастары мен туыстары жабылып іздеп жүр. Сорақысы сол, күдіктілер тау арасымен кетіп, тіпті тас жолдағы қаптаған бейнекамераға да түспеген.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбеде қоқыс жәшігімен жыныстық қатынасқа түскен қаңғыбас жындыханаға жабылды

Оқушы бала “президентке хабарласып” полицейлерді қорқыта жаздады (видео)

Өгей әке 3 жасар қызды бассейнге тұншықтырып өлтірді (видео)

Екі қойды мінгестіріп алып велоспедпен жүрген жігіт желі қолданушыларын аң-таң етті (видео)

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар