Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ужас, төбелес, көз жасы": Динара Сұлтан жұрттан кеңес сұрады

Динара Сұлтан жұрттан кеңес сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ужас, төбелес, көз жасы: Динара Сұлтан жұрттан кеңес сұрады

Ұлын шаштаразға апарғысы келмейтінін айтқан өнер иесі, оның шашын қидырудан қатты қорқатынын түсіндірді. Динара Сұлтан баласын тәтті беріп алдап, көңілін тауып, әрең дегенде қырылып жатып, шаш алдыратынын жеткізген. Осылайша әнші жұрттан көмек сұрады.

"Мұсаның жаңа шаш үлгісі қалай екен? Шаштаразға бару мен үшін ужас, төбелес, көз жасы және көп тәтті. Алдау керек қой. Шашын машинамен тез әрі қысқа қылып алуға тура келеді. Осы жолы ең болмаса, тор жасауға мүмкіндік берді. Сіздерде қалай? Ұлдарыңыз айқайлайды ма? Не істеу керек?", - дейді Динара Сұлтан. 

Мұны көрген желідегілер әншіге өздерінің тәсілдерін айтып берген. Олар жарыса пікір жазып, арасында өнер иесінің ұлының әдемі екенін айтуды да ұмытпаған. 

"Өте әдемі бала екен", "Мультфильм қосып беріңіз, қозғалмай отырады", "Әкесіне ұқсап кетіпті", "Балаңыз қорқақ екен. Қазірден бастап ержүрек болуға үйрету керек", "Жақын арада қойып кетеді. Оларда өзін қорғау инстингі іске қосылады да, өздеріне қауіп төніп тұр екен деп ойлайды", - дейді Динара Сұлтан. 

Талқылау