"Үйлер қисық, күнде үреймен оянамыз": Алматы қаласының әкімі "Зерделі" ықшам ауданындағы жағдайды түсіндірді
Алматы қаласының әкімі апатты жағдайда тұрған "Зерделі" ықшам ауданына жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында Алатау ауданының тұрғыны Зерделі ықшамауданындағы апаттық үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесін көтерді.
"Зерделі ауданының тұрғынымын. Салынған үйлердің қисық екенін білесіздер.Тұрғындар қауіпті жағдайда тұрып жатқанын білеміз. Біз күнде қауіппен, үреймен оянамыз", - деп түсіндірді аудан тұрғындарының бірі.
Қала әкімі бұл мәселені жіті назарға алғанын, биылғы жылы апаттық жағдайдағы 10 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда бар екенін айтты.
"Мен бұл мәселе бойынша өздеріңізбен жиі кездесіп отырдым. Осы өткен екі-үш апта бұрын тағы барып қайтқан болатынмын. Жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылауға алдым. Биылғы жылдың соңына дейін 10 үйді қалыпқа келтіреміз. Қалған үйлерді жөндеу жұмыстары келесі жылы аяқталады", - деді Бақытжан Сағынтаев.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
