Үйінен тапанша тауып алған үш жасар бала анасын атып өлтірді
АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатында үш жасар бала үйінен тапанша тауып алып, анасын атып тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
True Crime Daily басылымының мәліметінше, оқиға 21 қыркүйек күні болған. Полицейлер оқ естілген үйге келіп, жарақат алған әйел мен үш жасар баланы тапқан.
33 жастағы Кора Лин Буш дереу ауруханаға жеткізілген, алайда ол екі сағаттан кейін ажал құшты. Кейінірек округ шерифі “бала тапаншаны тауып алып, абайсызда анасын атып тастағанын” мәлімдеді.
Әжесінің айтқандары мен заттай айғақтар шерифтің айтқанына дәлел болған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”