Үйінен қашып кеткен 15 жастағы жеткіншек басқа қаладан табылды
Үйінен қашып кеткен 15 жастағы балқаштық жеткіншек Алматыдағы пәтердің бірінен табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме беріп.
29 қаңтарда Балқаш қаласының полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан кәмелетке толмаған қызының хабар-ошарсыз жоғалып кету фактісі бойынша арыз түскен.
Жедел түрде қыздың Алматыда екені анықталды.
"Іздестіру іс-шараларын өткізу барысында біздің бөлімшенің ювеналды полиция қызметкерлері оның орналасқан жерін анықтады - Жароков көшесіндегі үйлердің бірі. Жасөспірім 2002 жылғы досының пәтерінде болған.
Ақпарат дереу іздестіру бастамашысына қыздың анасын одан әрі хабардар ету үшін берілді, ол заңды өкілге берілгенге дейін кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды", - деп хабарлады Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді