"Үйіне қайтудан қорыққан": Петропавлда "күйеуі" аяусыз ұрған келіншек өзіне қол жұмсамақ болды
Петропавлда үнемі ұрып-соғатын азаматтық некедегі күйеуінің үстінен арыз жазған әйел үйіне қайтудан қорқып, өзіне-өзі қол жұмсамақ болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Түнгі уақытта полицейлер өзіне-өзі қол жұмсамақ болған әйелді көріп, оған көмектесуге асыққан.
"Белгілі болғандай, сол күні Уалиханов ауданының 33 жастағы тумасы бірнеше рет азаматтық некедегі күйеуінің үстінен арыз жазған, үйіне қайтудан қорқып, өзіне-өзі қол жұмсамақ болған. Әйел құрбысының үйіне түнеймін деп ойлаған, бірақ ол оны кіргізбеген. Сондықтан да тиранның құрбаны екі баланы жетім қалдырып, осындай әрекетке шешім қабылдаған", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әйелге психологиялық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта ол тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған баспанаға орналастырылған.
Петропавлдық полицейлер әйелді құтқаруға көмектескен жанашыр азаматқа да алғыс айтуды ұмытпады.
Қазіргі таңда тәртіп сақшылары әйелмен бірге тұратын, 36 жастағы Петропавл қаласының тұрғынына қатысты материал жинап жатыр.
Учаскелік инспектор қорғау нұсқамасын шығарды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданады.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
