"Әкем салған үй": Үйін су басып кеткенін көрген құлсарылық әйел көз жасын тия алмады (видео)
Құлсары қаласының тұрғыны үйін су басып кеткенін көріп, көз жасын тыя алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скриншот
Желіде үйінің суға кеткенін көріп, жылаған әйелдің видеосы тарады. Құлсарылық әйел "Менің үйімді су алып жатыр! Әкем салған үй" деп дауыстайды.
Атыраудағы Жем өзенінің арнасынан тасып шығуының салдарынан үйлер суға кетті.
Еске салайық, бұған дейін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов аймақтағы жағдайдың өте күрделі екенін мәлімдеген. Құлсарының бірнеше ауданын су басты. Қазірдің өзінде 2500-ден астам үйді су басқан. 15 мыңға жуық құлсарылық тұрғын эвакуацияланды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновпен телефон арқылы сөйлесіп, су тасқынынан зардап шеккендердің материалдық шығыны өтелетінін мәлімдеді. Сәлден соң жағдайға байланысты Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жолдады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”