Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үйге қашан келесің": Баян Алагөзова қызғаныш жайлы

Баян Алагөзова қызғаныш жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Үйге қашан келесің: Баян Алагөзова қызғаныш жайлы

Танымал продюсер ер мен әйелдің арасындағы қарым-қатынас туралы жеткізді. Ол әйел адамдардың үнемі күйеуін бақылауында ұстап, қадағалап, мазасын алатынын айтады. Егер нәзік жандылар еріне олай қарайтын болса, онда күйеуіңіз сіздің жеке шекараңызға бас сұғып, сізге тура сондай қарым-қатынас жасайды дейді ол. 

"Хабарласып, "Қалың қалай? Қашан үйге келесің, кіммен жүрсің?" деп сұрап көрген емеспін. Ешқашан телефонын ақтармаймын. Не үшін ақтарамын? Іздеген адам табады деуші еді. Қаламаймын, жасай алмаймын, жасамаймын. Әр адамның жеке шекарасы болуы керек. Ол шекараға кірмей, сыйластық таныту оңай емес", - дейді Баян Алагөзова. 

Әсіресе қызғаныш деген ұғым отбасын ортасына түсіреді, күйеуіңе өзімшілдік жасама дейді ол. Продюсер ер адамның өміріндегі жалғыз әйел болу үшін не істеу керек екенін айтып, қыз-келіншектерге кеңес берді. 

"Ер мен әйелдің қарым-қатынасы туралы сұрақтар өте көп. Мәселен, қызғаншақ әйел дәл ер адам секілді отбасының берекесін бұза алады. Қызғаныш - үлкен өзімшілдік. Адам толығымен сенің жеке меншігің бола алмайды және сен өмірдегі жалғыз әйел емессің. Негізі жалғыз әйел болуыңыз әбден мүмкін. Алайда ол үшін телефонға қарамай, болмайтын сұрақтар қойып хабарласпай, жеке меншік шекарасына сыйластық танытып, өзіңді жақсы көруің керек", - дейді Баян Алагөзова. 

Талқылау