Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үйге барғасын жазаңды аласың": Kalifarniya-ның су жаңа әні шықпай жатып, сынға ұшырады

Фото: https://www.instagram.com/kalifarniya/

Танымал әнші Kalifarniya-ның “Алматы” атты әні жарық көрмей жатып, хейттің астында қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі 15 маусымда су жаңа әнінің тұсауын кесетінін хабарлады. Алайда әннің сөзі көпшілік көңілінен шықпады. 

“Балдармен отырғанда қайда жүрсің деп неге мазаны аласың, үйге барғасын жазаңды аласың”, – деген жолдар оқырман қауымның ашуын келтірді. 

“Зорлық-зомбылықты насихаттайтын әндерден көз ашпадық”, “Карьераң осы әннен кейін қаза болды”, “Мынау не ән?!”, “Жараспайтын қылық жасап тұр”, “Саунада отырып шығарған”, “Қазақ әндеріне ағылшын сөздерін қосу сәнге айналды”, – деп жазды көпшілік. 



Еске салайық, Ақтауда өнер көрсеткен Kalifarniya жанды дауыста ән айта алмай қалғанын жазған едік.

“Сүйікті әншім еді, бұдан кейін тыңдамайтын сияқтымын”, “Екі нотаның арасында жүр”, “Даусы шықпай қалды”, “Димаш сияқты дайындық жасап шығуы керек”, “Қатты семіріп алғасын, даусы жетпей тұр”, – деп жазды желі қолданушылары.

Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 10 Маусым, 2025 17:16
Талқылау