Үй мен пәтерлерде тұрудың басты қаупі анықталды
Сент-Луистегі Ващшингтон медициналық мектебінің ғалымдары үй жағдайында антибиотиктерден қорғану қабілеті бар бактериялардың көбейетіндігін анықтады. Бұл зиянкестер үй тұрғындар мен жануарларының ағзасында инфекцияның қозуына алып келетіні және олардың көзін жою үшін күшті тазартқыш құрал керек екендігі айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Зерттеушілер адамның дене қуысында таралатын бактерияларға сараптама жасалыпты. Бұл тәжірибеге үй жануарлары мен балалар да қатыстырылған. Зерттеуге 692 ерікті қатысыпты. Ауру туғызатын бактериялар үйден жиі шыға бермейтін адамдардың денесінде жиі таралады екен.
Бұған қоса адам терісі мен дене қуыстарында тарайтын стафилокок бактериясы тоңазытқыш пен есіктің ұстағыштарында, қол және ыдыс жуғыштарда, көрпе-жастық қаптағыштарында, жарықты қосып-өшіретін тетіктерде, смартфондардың беті мен компьютердің тінтуірі мен пернетақтасында өте көп мөлшерде табылған. Негізі адамнан адамға таралатын бактериялардың бұл түрі, аталған заттар арқылы денеге түсіп, ауру қоздыратын көрінеді.
Бұл жағдайды алдын алу үшін кез келген затты қолданғаннан кейін қолды сабынмен жиі жуып тұру қажет. Сонымен қатармамандар ваннаның орнына душқа түскен жөн деп кеңес береді.