Әділет министрі утилизациялық алым мен автокредит бағдарламасы әлі бекітілмегенін мәлімдеді
Әділет министрі Қанат Мусин утилизациялық алым мен жеңілдетілген автокредит бағдарламасына қатысты құжаттар тіркеуге әлі түспегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сенаттың жалпы отырысынан кейін журналистер министрдің маңызды екі құжаттың қашан қабылданатынын сұрады.
"Халық бірнеше маңызды құжатты күтіп отыр. Біреуі – утилизациялық алым, екіншісі – жеңілдетілген автокредит бағдарламасы. Осы құжаттар әділет министрлігіне әлі тіркеуге түскен жоқ па?", – деді тілшілер.
Министр: "Жоқ, ол мәселелер әлі қаралуда", – деп қысқа ғана қайырды.
Айта кетері, тәртіп бойынша мемлекеттік органдардың барлық құжаты дайын болған кезде әділет министрлігінің тіркеуіне жіберіледі.
Бұған дейін утилизациялық алымның жаңа тарифтері ақпанның соңына дейін бекітіледі деген ақпарат болған.
Ал 4 проценттік автокредит бағдарламасы осы айдың аяғында қабылдануы қажет.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді