Үстіне секірген: Ақтауда жігітті аяусыз ұрған сәт видеоға түсіп қалған
Ақтауда караоке-клубтың жанында ер адамды ұрған сәт видеоға түсіп қалған. Бұл жағдай полиция назарына ілікті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 9 қазанға қараған түні 7 шағынаудандағы караоке-клубтың жанында болды. Ер адамды ұрып-соққан сәт сыртқы бақылау камерасының объективіне түсті. Бейнежазбада бірнеше жас жігіттің жәбірленушіні қоршап алғаны, ал біреуі оның үстіне секіргені бейнеленген.
Полиция қоңырау түспегенін хабарлады, бірақ бақылау камераларынан жағдайды көрген жедел басқару орталығының операторы жақын маңдағы полиция экипажын осы мекенжайға жіберді.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушылары бір-бірімен таныс екенін анықтады. Олар бір-біріне ешқандай шағым, талап немесе арыз бермеген.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”