Үстіне қайнап тұрған су шашып жіберген: Зардап шеккен алматылық әйел оқиғаның мән-жайын айтты
Алматыда көршісі үстіне қайнақ су шашып жіберген әйел оқиғаның мән-жайын айтты. Сөзінше, көршісінен пешті босатуын сұраған. Бұған жауап ретінде ол үстіне су шашып жіберіпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Анар қазір көршісінің бостандықта екенін айтады. Болған оқиғадан кейін ол полицияға арыз түсірген.
"Мен "Тәте, кәстрөлді аласыз ба?" дедім. Не қайнатып жатқанын білмеймін. Қазір ол бостандықта жүр, түсінесіз бе? Одан қорқу керек. Ұлы бар, оны сыртынан жауып кетіп қалады. Түнде жұмыс істейді. Мұның барлығына жауап бергенін қалаймын", – дейді Анар.
Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр. Анар екінші деңгейдегі күйік алған. Толығымен жазылу үшін ұзақ уақыт керек екен. Ресми еш жерде жұмыс істемейді. 1,5 жасар қызын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы жатақханалардың бірінде әйел көршісінің үстіне қайнап тұрған су шашып жібергені туралы хабарлаған едік.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады
Желі қолданушыысы: "Қазақтың жерлеу рәсімін жек көремін"
Не себепті Қазақстанда туу көрсеткіші Ресейден жоғары? Сарапшылар мұның пайдасы мен зиянын айтып берді
Демограф: “Жастар арасында child free ұстанымына бет бұру үрдісі бар”