Үстел теннисінен Ташкентте өткен турнирде Қазақстан 7 жүлде еншіледі
Фото: olympic.kz
Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender Tashkent 2025 халықаралық жарысы аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл жарыста Қазақстан құрамасының спортшылары 7 медаль жеңіп алды.
19 жасқа дейінгі спортшылар арасында сынға түскен Алан Құрманғалиев аталған жарыстың жеңімпазы атанды. Ал Абдулла Мамай мен Ноила Ханиязова аралас жұптық санатта алтын жүлде иеленді. Қазақстан құрамасына үшінші алтын медальді 11 жасқа дейінгі балалар арасында бәсекеге түскен Аделя Әлжанова алып берді. Осылайша Ташкенттен отандастарымыз үш алтын жүлде олжалады.
Сонымен қатар 11 жасқа дейінгі қыздар арасында Назерке Болатбек күміс жүлдені еншіледі.
Құрама қоржынынан бұдан бөлек тағы үш қола медаль түсті. 19 жасқа дейінгі қыздар арасында Дарья Гамова, 15 жасқа дейінгі спортшылар арасында Алексей Маркин және 13 жасқа дейінгі қыздар арасында Жания Бекмұхамбетова Өзбекстаннан қола жүлдемен оралды.

Биыл қай салаға қанша грант бөлінді: Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар аталды
