Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үшінші сотта жеңіліп қалдым": Баян Алагөзова мен Дана Орманбаеваның соты немен аяқталғаны белгілі болды

Фото: Stan.kz

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы журналист Дана Орманбаева екеуінің арасындағы даудың немен біткенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Продюсер “Умные люди” YouTube арнасына сұхбат берді.

“Екі сотта оны жеңіп шықтым, үшінші сотта жеңіліп қалдым. Жеңілетінімді білдім, өйткені нақты дәлелім болған жоқ. Адам әрбір айтқан сөзі үшін жауапты болатынын түсінсін деп сотқа бердім. Оның әрбір сөзі үшін сотқа беремін. Ол жеңе ме, жеңіле ме маңызды емес. Әрбір ісің үшін жауаптысың. Бұл сенің уақытың, жүйкең жұқарады, ақшаң кетеді. Үшінші соттан кейін сүйкімді Дана менің позициямды түсінген болар. Егерде тағы да оның жағынан конфликт болса, онда бәрі сот арқылы шешіледі, маған солай жеңіл. Ол маған айыппұл төледі. Адвокатқа, заңгерлерге ақша құртудан шаршаған болар. Ашық адам туралы жаман айту дұрыс емес. Егер біреу маған жағымсыз нәрсе айтса, ол сот арқылы шешіледі”, – деді продюсер.



Еске салайық, журналистке халықаралық іздеу жарияланған еді. Алматы полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

Полиция мәліметінше, Орманбаеваға қатысты "ұлтаралық араздықты қоздыру" фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. 

"Сот "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына сырттай санкция берді. Сонымен бірге күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды”, – делінген хабарламада. 

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 24 Қазан, 2025 11:12
Талқылау