"Жанды дауыста айтқым келеді": Мөлдір Мұқан фонограммамен ән айтатынын мойындады

Танымал әнші, продюсер Мөлдір Мұқан фонограммаға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жанды дауыста ән айтқысы келетінін жасырмады.
“Бір ән айта қойып едім... Осы заң шығу үшін мен ән айтуым керек болған ғой. Мен дайындықты бастадым. Мен де жанды дауыста айтқым келеді. Жалпы шағын жерлерде аспапта ойнай отырып жанды дауыста айтып жүрмін", – деді Мөлдір Мұқан.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, қолдау білдіріп жатыр.
“Ешкімнің сөзін тыңдама”, “Жарқырайтын сәтің келді”, "Болмаған дауысты қалай шығарады екен", "Сұмырай келсе су құриды деген", "Мөлдірге сахна мәдениетін үйрену керек сияқты", "Біз ұялып отырмыз, Тұрсынбек кірерге тесік таппай жатқан шығар", – деді олар.
Еске салайық, Мөлдір Мұқан "Қорқыт-қобыз" әнін орындап, сынға ұшыраған еді.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.