Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш жылдық үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралған қазақстандық спортшы дағыстандық қарсыласын нокаутпен ұтты

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Евгений Егембердиев үш жылдық үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралып, жарқын жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/Evgenii_Egemberdiev 

Евгений Егембердиев үш жылдық үзілістен кейін әлемнің ең үздік тұжырымдарының бірі саналатын АСА лигасында жекпе-жек өткізіп, жарқын жеңіске қол жеткізді. Жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын отандасымыз АСА 179 турнирінде дағыстандық Эльхан Мусаевқа (10-1) қарсы жекпе-жек өткізіп, бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осылайша, жарақатына байланысты үш жылдай жекпе-жекке шықпаған отандасымыз жарқын жеңіспен үлкен спортқа қайта оралды. Сондай-ақ “Метис” лақап атымен танылған жауынгер нокаут жасағаны үшін қосымша сыйақы алды. 

Айта кетейік, “Метис” шаршы алаңдағы соңғы жекпе-жегін 2021 жылы Муслим Магомедовке қарсы өткізіп, техникалық нокаутпен жеңіліп қалған еді. Бұл кездесуде отандасымыз АСА лигасының чемпиондық белбеуіне таласқан еді.  

Талқылау