Үш жылда 805 миллион теңге: "Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы табысын декларациялады
Фото: sk.kz
“Самұрық-Қазына” АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов 2022–2024 жылдар аралығындағы табыстары туралы декларация жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қордың басқарма төрағасы 3 жылдық табысын декларациялаған:
- 2022 жылы – 422 182 000 теңге;
- 2023 жылы – 186 543 551 теңге;
- 2024 жылы – 197 259 412 теңге.
Нұрлан Жақыповтың үш жыл ішіндегі жалпы табысы 805 984 963 теңгені құрады.
Алматының экс-әкімі Досаевтың жұбайы бір жылда 2 миллиард теңгеден астам табыс тапқан
Қорғаныс вице-министрінің жұбайы 2024 жылы 34 миллион теңге табыс тапқан
2024 жылға арналған табысын “Самұрық-Қазына” қорының даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры – басқарма мүшесі Салтанат Сәтжан да декларациялаған. Ол 8 273 745 теңге табыс тапқан.
Ал қордың Бейжіңдегі өкілдігінің басшысы Сәкен Мұратұлының жұбайы Гүлнұр Нүркеева 2024 жылы 96 314 355 теңге табыс тапқан.
Еске салсақ, бұған дейін шенеуніктер арасында алғашқылардың бірі болып ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2024 жылғы табысы туралы мәліметтерді жариялаған еді. Жұманғариннің жұбайы Сәния Садықовамен бірге жалпы табысы 88 678 984 теңгені құраған.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар