"Үш рет талақ айтып, боссың деді". Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы есірткіге тәуелді болғанын мәлімдеді
Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы, әнші Динара Әлжан Нұрсейіт Жылқышыбайдың "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сұхбат беріп, экс жұбайымен қалай танысқанын айтып берді. Бұнымен қоса Қазақстан шоу-бизнесінде жүргендердің оны есірткіге тәуелді еткенін сөз етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Айтуынша, әйел Болат Назарбаевпен 2016 жылы танысқан.
“Келесі күні таңертең 8-де кел деді. Ол кезде жасым 27-де. Маған бірден 15 сотық жерімен 362 шаршы метр үй сыйлады. Осыдан кейін 1 аптадан кейін некемізді қидық", – дейді Динара Әлжан.
Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай таныстық сәтін нақтылаған сәтте, мынадай оқиғамен бөлісті.
"Алғашқы кездесуге келгенде "Неге кішкентай сөмкемен келдің, жаным?" дегенде мені төмендетпек болды деп ойлағам. Бірақ ол "Жоқ, жаным, ақшаны енді қайда салып беремін?" – деді.
Одан соң өзіне берген ақшаны не істегенін айтып берді.
"1 миллион долларға жуық қаражат берді. Көмегі ретінде, жағдайымды жасасын деп. Анам бар анама операция жасауға жақсы көмектесті. Ол ақшаны алдым да анама үй алып бердім Ақтаудан, ағама көлік алып бердім. Кредиттерін жуып бердім. Дым көрмегендік емес, жақындарыма көмектескім келді" – дейді Динара Әлжан.
Болат Назарбаев халық аузында жүрген адам сияқты емес деп, ол кісіні жақсы көріп қалғанын айтты.
"Көтеріп қалғаннан кейін, бала түсіп қалды. Дәтім бармады айтуға. Мен қорықтым ол кісіні жоғалтып алам ба, менен кетіп қала ма деп. Ол кісі көтерерсің әлі уайымдама деп айтты. Мен жақсы көріп қалдым"– дейді Динара Әлжан.
Бұдан кейін ол есірткі пайдаланғанын сөз етті.
Оның айтуынша, оны бұндай ортамен әнші Кентал таныстырған.
"Кентал кейін мені шоу бизнесте жүрген адамдармен таныстырды. Көбіне орыстілді орта еді. Мейрамханада отырдық. Жассың ғой енді, ішесің. Шарап іштім, мас болып қалдым. "Динара, рөлдесің ғой" деді. Жүргізуші шақырта қоямын дедім. Әжетхана бардық, тазалап сүртіп, телефонын қойып, ана нені (еск. есірткі) жасады. Мынаны иіске, бірден есіңді жиясың деді. Ол кокс" – деді.
Динара өз ойында артық ештеңе болмағанын, бір рет қана көріп, кейін қойып кетемін деп ойлағанын айтады.
"Мен мұндайды кинодан көргем. Ол қызға қарап отырып, шоу бизнесте жүрген адам. Ештеңе болмайды деп ойладым. Бір рет көрем деп сендім. Көрдім, мастығым басылды. Кейін тағы кездестік, үйіме шақырдым. Басында тегін берді, маған қызық болды" – деді Динара.
Динара есірткіге тәуелді болып қалғанын, ал оған оның дәмін татқызған "достары" жоқ болып кеткенін айтады.
"Менің де кінәм бар. Жасамаймын деуге болады ғой. Бір жағынан 2-3 рет тегін бергеннен кейін, үйреніп қаласың. Кіріп кеттім, тапсырыс бере бастадым. Үйге машинамен алып келетін. Екі күнде бір, үш күнде бір тапсырыс беремін. 1 айдай отырдым, 350 доллардан сатып алып жүрдім" – дейді Динара.
“Бұны бәрі Болат Назарбаевтың ақшасына алынған ба” деген сұрағына ол “иә, басқа кімнің ақшасы болады” деп жауап берді.
Сондай-ақ орта жолда бір қызбен танысқан. Ол оған бұл күйінің дұрыс еместігін айтқан. Үйсіз, күйсіз қалып, тек паспортпен жүрмін деген қыз өз кеңесін айтқан.
"Қолымда мүмкіндік бар да бизнес пе, халыққа көмектесетін балабақша ма ашу керек еді деп өкінемін" – деп ол өз өкінішін білдірді.
Болат Назарбаев та әйелінің жағдайын байқаған. Анасы да оны көріп, дұрыс жол сілтеуге тырысқан.
"Анам да айта бастады. Сенімен бірнәрсе дұрыс емес. Кентал, Кентал деп анаған көмектесесің, мынаған көмектесесің. Қызыңа қарамайсың деді" – дейді Динара.
Болат Назарбаев бәрін білгеннен кейін ажырасуға шешім қабылдаған.
"Бір күні Болат мені кеңсесіне шақырып алды. Мен келсем, Қайроштың машинасы мен көмекшісі тұр. Кіріп келе жатсам, Қайрат шығып келе жатыр екен. Сосын Бөкең мен бәрін білем, екеуміз ажырасамыз деді. Сен боссың деп 3 рет талақ айтты. Болды, маған ешнәрсе айтпа деді. Мен ақталған да жоқпын, ол бәрін біліп тұр. Оған дейін де білді, кешірді, үндемеді" – дейді Динара.
Динараның айтуынша, ажырасқан соң үйді де, машинаны да қайтарып алған.
Дымсыз қалған ол кейін Ақтауға көшіп кеткен.