"Үш рет депутаттыққа ұсынды": Роза Рымбаева саясатқа қатысты ойын бөлісті
Фото: Подкастан скриншот
ҚР халық әртісі Роза Рымбаева саясатқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі Qajet арнасына сұхбат беріп, саясатқа көзқарасын айтты.
"Мен үш рет депуаттыққа ұсынылдым. Екі рет "НұрОтан" партиясының атынан, бір рет осы Бостандық ауданының атынан. Үшеуінен де бас тарттым. Мен депутат емеспін, саясаткер емеспін, заңгер емеспін", – деді әнші.
-
"50 жылдан бері нөмері бірінші әнші": Әли Оқапов анасы Роза Рымбаеваның мақтауын асырды
-
"Балыққа емес, бетіне қарадық": Роза Рымбаева жарнама жасаймын деп сынға қалды
Сондай-ақ халық әртісі саясатқа араласқан әріптестерін де сынады.
“Ол жерде біздің әріптестерді көрдіңіз ғой отырған, әртістерді отырған. Әншілерімізді сіз білесіз, аттарын айтпай-ақ қояйын. Не бітірді, не айтты? Не үлес қосты? Көбінесе атақ үшін барды деп ойлаймын солар", – деді өнер иесі.
ТЭЦ-тің газға ауысуы Алматыдағы лас ауа проблемасын шеше ала ма: Сарапшылар мегаполистегі қалың тұмша неден түзілетінін талдап берді