Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш пайыз өтемақы және тамақ беріледі: Әуекомпания жолаушыларының құқықтары қорғалады

Қазақстанда әуе жолаушыларының құқықтарын қорғау заңдары күшейтілді. Азаматтық авиация комитетінде заңнамадағы басты өзгерістер туралы айтылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан нарығына жаңа ірі әуе компаниялары қосылады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен "Әуе көлігінде жолаушыларды, жүктерді тасымалдау ережелеріне" өзгерістер енгізілді. Түзетулер 2021 жылдан 2022 жылға дейін жолаушылардан түскен шағымдар негізінде қабылданды.

ААК заңнамадағы негізгі өзгерістерді талдады.

  • Әуекомпаниялардың жолаушылар алдындағы жауапкершілігін күшейту үшін "рейс мәртебесін өзгерту" ұғымын енгізіледі.

"Бұған дейін тамақтану, тұру, трансфер қызметтері рейс кешіктірілген және тоқтатылған жағдайда ғана ұсынылатын. Енді тасымалдаушылар рейстің уақытына немесе бағытына әсер ететін кез келген өзгерістер кезінде жоғарыда аталған қызметтерді ұсынуға міндетті", – деп атап өтті ААК.

  • Әуекомпания кей тұлғаларды тасымалдаудан бас тарта алады.

"Норма бойынша деструктивті жолаушыларды қара тізімге енгізуге болады. Жолаушының әрекеттері әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық белгілеріне жататын жағдайда ғана әуекомпания оны қара тізімге қосуға құқылы", – деп түсіндірді комитет.

  • Жолаушының абоненттік нөмірі және электрондық поштасына рейстің кешігуі, сондай-ақ оның құқықтары туралы міндетті түрде хабардар ету керек.

"Бұрын жолаушыларды хабардар ету ерікті түрде жүргізілген, алайда әуекомпаниялар мұны жасамады, тіпті оны ақылы қызмет ретінде ұсынғандар бар. Енді әуекомпаниялар өзгерістермен қоса, тасымалдаушының кесірінен рейс уақыты өзгертілген жағдайда қандай қызметтер ұсынылатынын хабардар етуге міндетті", – делінген хабарламада.

  • Әуекомпанияның кесірінен рейс мәртебесі өзгерген кезде қызмет көрсетіп, үшпайыз мөлшерінде айыппұл төлеуі тиіс. Ол төленбесе, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

"Кейбір әуекомпаниялар жолаушыларға өтемақыны уақытылы төлемейді.  6-7 айда өтемақы төлемеген фактілер болды. Жаңа заңнама осындай әуекомпанияларға қатысты шаралар қабылдауға мүмкіндік береді", –  деп мәлімдеді ведомствода.

  • Рейс бес сағаттан артық кейінге қалдырылған кезде қаражатты толық қайтаруға немесе қайта брондауға  болады.

"Бұған дейін ақша рейс 10 сағаттан астам кешіккен жағдайда ғана толық көлемде қайтарылған. Енді ол бес сағатқа қысқарды", – деп қорытындылады комитет.

Талқылау