Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үш күннен бері су жоқ": Алматыда наразы тұрғындар Алматы-Бішкек тас жолын жауып тастады (видео)

Алматы облысында орналасқан "Асыл арман" тұрғын үй кешенінің тұрғындары Алматы – Бішкек тас жолын жауып тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Тұрғындардың наразылық білдіруіне тұрғын үй кешендегі судың тоқтап қалуы себеп болған. Тұрғындар үшінші күн қатарынан сусыз отырғандарын айтады.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан тұрғындардың жолды жауып, көліктер мен автобустарды өткізбей тұрғанын көруге болады. 

Оқиға орнына Қарасай ауданы әкімдігінің өкілдері мен полиция қызметкерлері келген. 


Жүк көлігі аялдамадағы адамдарды қағып кеткен: Алматы облысында ауыл тұрғындары тас жолды жауып тастады


“Техникалық ақау салдарынан "Асыл арман" тұрғын үй кешеніне (Іргелі ауылы) суық су берудің уақытша тоқтатылуына байланысты тұрғындардың жиыны өтті. Тұрғындар келіссөздер нәтижесінде жолды жабудан бас тартты. Қазір апат орнында мамандар жабдықты қайта бағдарламалау жүйесін аяқтады. Сонымен қатар, қуаттылығы жоғары су сорғысы ауыстырылды. Бүгін сағат 18.00-ге дейін су беруді қалпына келтіру жоспарлануда”, – делінген ресми хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда тұрғындар ауыз судың болмауына байланысты наразылыққа шығып, жолды жауып тастағаны туралы жазған едік.  

Талқылау