Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш ер адам өздері жасамаған қылмыс үшін 24 жыл түрмеде отырып, бостандыққа шыққан

АҚШ-та үш афроамерикалық темір тордың ар жағында өздері кінәлі болмаған қылмыс үшін ширек ғасыр өмірін өткізген. Бұл туралы ИноTV-ға сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

24 жылдан кейін түрмеде отырған АҚШ-тың үш азаматы ақталды. Осы уақыт ішінде олар екі кісі өлтіргені үшін жазасын өтеп жатқан. 

"Еркінмін" деген тіркесті Джордж Белл өз сөзіне өзі сенбей айтады. "Бүгін мен үйге барамын", дейді ол көзі жасаурап. 24 жыл бойы ол өз арманынан бас тартпаған. 

"Мен небәрі 19 жаста едім, өз құқығым туралы білмедім. Түрмеге дейін мен әділеттілік бар екеніне сенетінмін", - дейді Белл.


69 жастағы әйел егіздерді босанған соң, сот одан балаларын тартып алған 


Белл және оның екі серігі Рохан Болт пен Гари Джонсон әділеттілікке деген сенімін жоғалтқан еді, деп жазады басылым. Үш африкалықамерикалық азамат темір тордың ар жағында ширек ғасырға жуық уақыт өткізді. Өмірінің көп бөлігін олар екі адам өлтіргені үшін кінәлі ретінде сүрді. Жұма күні судья Джозеф Зайас түпкілікті үкім шығарды: үш ер адам босатылды.

Үш сотталушының бас бостандығынан айыру мерзімі 50 жылдан өмір бойына дейін болған. Ол кезде олар 19-дан 35 жасқа дейінгі жас аралығында еді. Мейрамхана иесі Рохан Болт төрт баланың әкесі болған.

"Олардан ұрланған уақыт қанша жерден бостандыққа шығарса да, қайтарылмайды", дейді адвокат Рита Дэйв.

"Өмір уақытпен өлшенеді. Жоғалған уақыт - жоғалған өмір", - дейді ол.

Талқылау