Үш дүркін Олимпиада чемпионы өмірден өтті
Фото:ТАСС
Аты аңызға айналған тұлға, спорттық гимнастика тарихында өз есімін алтын әріппен қашаған Александр Дитянин 69 жасында өмірден өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Ресейдің И. Герцен атындағы педагогикалық университетінің ресми хабарламасында:
“Бұл — орны толмас қаза. Біз ұлы ұстаз бен нағыз аңыз спортшымен қоштасып отырмыз”, — делінген.
Александр Дитянин 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарында 3 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль жеңіп алып, бір Олимпиадада ең көп жүлде иеленген спортшы ретінде рекорд орнатқан. Бұл көрсеткішті әлі күнге дейін ешкім бұзған жоқ.
Александр Дитянин спорттағы мансабын аяқтаған соң, ол жаттықтырушы және ұстаз ретінде еңбек етті. 2002 жылдан бастап Санкт-Петербургтегі Герцен атындағы педагогикалық университетінде гимнастика және фитнес технологиялар кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

