Маған көлік емес, жылқы сыйласа да разы боламын – Қазақстан құрамасының жаңа жұлдызы
Фото: Kff_team
Қазақстан құрамасының қақпашысы Мұхамеджан Сейсен сырт алаңда, Солтүстік Македонияда өткен ойыннан кейін сұхбат берді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Ойын барысында Сейсен бірнеше маңызды сейв жасап, қарсыластың қауіпті соққыларынан қақпаны аман сақтап қалды.
“Мен – Жамбылдың жігітімін ғой. Бізде бұл қанымызда бар. Әкем де шапқан, атам да шапқан. Қазір қақпашылардың бәріне көлік беріп жатыр, ал маған ат сыйласа да риза болар едім!” – деп қалжыңдады Сейсен журналис Айбек Намазбайға берген сұхбатында.
Бұл пікір әлеуметтік желіде қызу талқыланып, жанкүйерлер түрлі пікір жазып жатыр.
– "Көлік сыйлағыштар қайда жүр? Осындай кезде бөліп-жармай бәріне сыйлай алмасаңдар, не үшін көлік сыйлайсыңдар?!",
– "Сейсен қауіпті үш-төрт соққыны қайтарды, Македониялық жанкүйерлер көзіне лазер түсірді",
– "Есепшот ашып, ақша жинап, бір ат сыйлайық" – деп жазды қолданушылар.
Айта кетейік, 13 қазан күні яғни кешке Қазақстан ұлттық құрамасы Солтүстік Македонияға қарсы матч өткізді. Алғашқы таймда қос команда да есеп ашпады. Ал екінші таймда Қазақстан сапынан Дінмұхамед Қараман есеп ашып, ұлттық құраманы алға шығарды. Алайда 75 минутта қарсылас команда айып добынан гол соғып, таразы басын теңестірді. Нәтижесінде ойын тағдыры 1:1 есебімен аяқталды.
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?

