Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үш баласы, екіқабат әйелі бар": Трансгендер Амилай сүйіктісінен қысым көріп, шетелге қашып кетті

амилай Фото: Видеодан скриншот

Танымал блогер, трансгендер Амилай Баймұратова жеке өміріндегі сәтсіздікті баяндап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желі жұлдызы сүйіктісінің шындығын біліп қалғаны үшін қысым көріп жатқанын айтты.

“Бұл видео осы жерде қалсын. Мен жоқ болып кетсем, маған бірдеңе болғанын біліңдер. Мен бәрін білемін. Оның қай жерде жұмыс істейтінін, әйелінің кім екенін тауып алдым. Достарымда да ол ақпарат бар. Маған қауіп төнсе, солардың бәрін желіге саламын”, – деп оқырмандарын алаңдатып қойды.



Көп ұзамай блогер сүйіктісіне қатысты барлық ақпаратты жайып салды.

“2024 жылы таныстық. Басында бәрі ертегідей болды. Гүлдер, сыйлықтар, кездесулер тіпті бірге де тұрдық. Араға бір ай салып кішкене өзгергендей боп көрінді, сөйлесейік десем ұрыс-қырылыс басталады. Содан кейін телефон тексеру, үйден шығармау, шыққан жерімнен машина жіберу, үйге апару, өзімді кінәлап сен соған жеткіздің деп, ұрып-соғып қысым көрсете бастады. Сонда да көніп жүрдім. Телефонындағы фотоны ауыстырып үлгермегеннің кесірінен ұсталып қалды. Екі жыл бұрын ажырасқанмын деген адамның екіқабат әйелі мен үш баласы бар болып шықты. Ешбір әйелдің басына ондай күйеуді бермесін. Ұсталған жері – телефонда фотоны ауыстырып үлгермегені. “2 жыл бұрын ажырасқанмын, үш балам бар” деген адамның 3 баласы, екіқабат әйелі барын білдім. Ешқандай әйелдің басына сондай оңбаған күйеуді бермесін. Сол үшін де қырылдық, айырылысатын болып шештім. Ол шешіміме келіспей, “әйел бала-шағаның жағдайларын ғана жасаймын, сенімен боламын” деді. Екі ортада жүргісі келді. Мен де адаммын, қалай балаларының анасын, құдай қосқан жарыңды алдайсың дегенде алған жауабым шапалақ болды", – деп жазды ол. 

Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 20 Қазан, 2025 09:49
Талқылау