Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Универсиада кезінде ескі көліктер Алматыға кіргізілмейді

Универсиада кезінде техникалық, санитарлық және экологиялық нормаларға сай емес көліктер Алматыға кіргізілмейді. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мәлім етті.

20170117132704

«Алматы облысымен бірге қалаға техникалық, санитарлық және экологиялық нормаларға сәйкес келмейтін көліктердің кіруіне шектеу қою бойынша шаралар қабылдануда. Қалалық клиникалардың материалдық-техникалық базасы айтарлықтай нығайтылды. Мәселен, 25 емхана, 8 стационар, 215 жедел жәрдем көлігі және 370 медицина қызметкері дайындалды. Сонымен бірге екі аурухана базасында Қысқы спорт түрлері халықаралық студенттік федерациясының стандарттарына сәйкес жедел медициналық көмекті қамтамасыз ететін тікұшақ алаңы екі аурухана базасында салынды»,- деді қала басшысы.

Спорттық шараға қатысушыларға 519 көлік қызмет көрсетеді. Сонымен қатар қолданыстағы 28 автобус бағдарына Орталық стадионнан, Саяхат автобекетінен және Алматы-1 вокзалынан тағы 18 бағдар қосылады.

«Біз қалалық трафик мәселесін де тыңғылықты қарадық. 29 қаңтарда және 8 ақпанда екі күн 9 ірі базар жабық болады. Сонымен қатар қала тұғындары мен қонақтарға жайлы жағдай жасау үшін мектеп оқушыларына қосымша демалыс беріледі. Бұл көшелердің жүктемесін 30 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, ата-аналар балаларымен студенттік спорттық ойындарға және көптеген іс-шараларға баруға мүмкіндік алады», – деді Байбек.


Жалаңаштар бассейні: Алматыдағы “Арасан” моншасы мұсылмандарға арналмаған ба?

 

Талқылау