Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанның құтқарушылары үйінді астында 17 күн болған жұмысшыларды құтқарды

Үндістанның солтүстігінде құтқарушылар Гималай тауына жақын маңдағы жер асты өткеліндегі үйінді астында қалған жұмысшыларды құтқару операциясын аяқтады. 28 қараша күні сағат 15:30 шамасында 17 күн бойы жер астында болған 41 адам құтқарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: BBC

Құтқару жұмыстарына 100-ден астам адам жұмылдырылды.

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди операцияға қатысушылардың барлығына алғыс айтып, үйінді астында күткен жұмысшылардың шыдамдылығына таңданыс білдірді. 

Австралиялық жерасты тау-кен саласы бойынша сарапшы Арнольд Дикс бұл жолғы құтқару жұмыстары тәжірибесінде кездескен ең күрделі операция екенін жеткізді.

Фото: BBC

"Бұл жолы ең қиын операция болды. Техникалық себептер бойынша ғана емес, қауіп-қатер жоғары болғандықтан. Құлау кезінде ешкім зардап шеккен жоқ, біз іште болған әрбір адамның аман-есен шығуын қамтамасыз етуіміз қажет болды", – деді ол.

Айта кетейік, түннел 12 қараша күні опырылып түскен болатын. Оның ішінде 41 адам қалып қойған еді. Құрылысшыларды шығаруға кезінде тау жыныстарын бұрғылауға арналған жабдықтар мен металл құрылымдардың бұзылуына байланысты біршама қиындықтар туындады. 27 қараша күні құтқарушылардың үйінді астында қалғандарды шығарудың жаңа әдісін ойлап тапқаны белгілі болды.

Фото: BBC

Талқылау