Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістандағы ұшақ апаты: Ұшқыштардың бірі қарт әкесіне қарау үшін жұмыстан шықпақ болған

Коллаж Stan.kz

Air India әуе компаниясының апатқа ұшыраған ұшағының ұшқышы әкесіне қарау үшін мансабын аяқтауды жоспарлап жүрген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі New Indian Express басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Апаттан кейін марқұм ұшқыштың 88 жастағы әкесі жалғыз қалды.

Экипаж командирі Сумит Сабхарвал әкесімен соңғы рет Лондонға ұшар алдында сөйлескен. Ол жеткен соң хабарласуға уәде берген. Алайда ұшудан көп ұзамай ұшақ апатқа ұшырады. Апат салдарынан 241 адам қаза тапты.


"Айналамда мәйіттер жатты": Үндістандағы апаттан тірі қалған жолаушы ұшақтың қалай құлағанын айтып берді

Сарапшылар Үндістандағы ұшақ апатына себеп болуы мүмкін нұсқаны атады


8 мың сағаттан астам әуе тәжірибесі бар Сабхарвал ұшқыштық мансабын аяқтауды жоспарлап жүрген екен. Таныстарының айтуынша, ол жұмыстан шығып, 88 жасқа жақындаған әкесіне қамқорлық көрсетпек болыпты.

Сабхарвал нұсқаушы капитан ретінде жұмыс істеген, ұшу қауіпсіздігін тексеру шараларына қатысқан. Әріптестері оның жоғары білікті маман болғанын атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін Үндістанда жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағаны туралы жазған едік. Ұшақ апатынан 241 адам көз жұмып, тек бір жолаушы тірі қалды. 

Дана Русланқызы
Жұма, 13 Маусым, 2025 21:16
Талқылау