Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адамдар дәл көшеде құлап жатты. Үндістандағы зауытта газдың ағуы салдарынан мыңдаған адам уланып қалды (видео)

Үндістанның оңтүстік-шығысындағы Вишакхапатнам қаласының жанындағы химиялық зауытта улы газдың ағуы салдарынан кемінде он адам қаза тапты, бес мыңнан астам адам жарақат алды. Times of India басылымының хабарлауынша, төтенше жағдайдан зардап шеккендердің арасында екі қарт адам, екі әйел және бала бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Газдың таралуы LG Polymers зауытында сағат 03:00-де болды. Улы газдың әсерінен адамдар көшеде есін жоғала бастады. Табиғи апаттарды жоюға арналған ұлттық күштер қаланың кейбір аудандары мен айналасындағы ауылдардың тұрғындарын эвакуациялауда.

Андхра-Прадештің өнеркәсіп министрі Мекапати Гутам Редди мамандардың  газдың ағып кетуін жою үшін жұмыс істеп жатқанын айтты. Компания болған оқиға үшін жауап береді, деп сендірді ол.

STAN.KZ
Бейсенбі, 07 Мамыр, 2020 14:40
Талқылау