Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда ер адам үйлену тойына әкелінген сыйлықтың кесірінен көз жұмды

Үндістанда ер адам үйлену тойына әкелінген сыйлықтың кесірінен көз жұмды. Белгілі болғандай, тойға қонақтардың бірі тарту еткен сыйлық жарылып кеткен, деп хабарлайды NDTV арнасына сілтеме жасап Stan.kz  ақпараттық агенттігі.

Үндістанның  Одиша штатында үйлену тойында  тарту етілген сыйлық жарылып кетіп, салдарынан екі адам көз жұмып, тағы біреуі зардап шекті.

Қазіргі уақытта полицейлер қорапта қандай жарылғыш зат болғанын және мұндай сыйлықты кім тарту еткенін анықтап жатыр.

Телеарна мәліметінше, жас жұбайлар неке рәсімінен бірнеше күн өткеннен кейін қонақтар әкелген сыйлықтарды ашып көрген. Осы кезде күйеуі ұстап отырған қорап аяқ асты жарылып кеткен. Салдарынан ер адам көз жұмды. Сондай-ақ, ерлі-зайыптылардың егде жастағы туысы да жарылыс құрбаны болды.

Оқи отырыңыз:

Мәскеу облысынан қазақстандық 3 ер адамның мәйіті табылды

Балконнан құлап кеткен баланы құтқарып қалған полицей ауруханадан бірақ шықты (видео)

Сиднейде суда шомылып жүрген әйелге акула тап берді

Емі жоқ ауруға шалдыққан әйел бар ақшасын шашып біткен соң, сау екенін білген

Талқылау