АҚШ-тың баж салығынан кейін азиялық қор нарықтары құлдырады
Дональд Трамп 185 елден әкелінетін тауарларға баж салығын енгізгеннен кейін азиялық қор нарықтары құлдырап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pexels.com
АҚШ баж салығын көтергеннен кейін Жапонияның Nikkei 225 индексі 8%, ал Кореялық Kospi 5%-ға жуық төмендеді. Гонконг қор биржасының HSI негізгі индексі 9%-дан астам құлады. Бұл – жыл басынан бергі ең төменгі көрсеткіштер. Инвесторлар жаһандық сауда соғысынан қорқады.
Азияның мемлекеттік органдары мен ірі экспорттаушы елдер кездесулер өткізіп, нарықты тұрақтандыру шараларын қабылдап жатыр.
Қытайдан АҚШ-қа өнім жеткізу тарифтері 34%, Жапония мен Оңтүстік Корея үшін 24% және 25%-ға тең.
Бұған дейін Трамп Қазақстан тауарларына баж салығын 27% көтергені айтылды. Алайда сауда министрлігі жаңа тарифтың экспортқа айтарлықтай әсері жоқ екенін айтады.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады