Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістанда белгісіз безгек ауруынан 32-ден аса бала көз жұмды

Үндістанның солтүстік Уттар-Прадеш штатында билік шешімімен 1-8 сыныпқа дейінгі мектептердегі барлық сабақ 6 қыркүйекке дейін өткізілмейтін болды. Бұл туралы сейсенбі күні Times Of India газеті хабарлады.

Вирус эпицентрі Фирозабад округінде байқалды. Ауру белгілері бойынша денге безгегіне ұқсас, бірақ өлім деңгейі жоғары.

Әртүрлі мәліметтер бойынша, ол жақта 40-тан 50-ге дейін адам қайтыс болды, олардың 32-сі балалар.

Сонымен қатар басылымның мәліметінше, Матхура қаласында тағы 12 адам, Маинпуриде сегіз адам қайтыс болған. Ауру қызудың көтерілуімен, тромбоциттер санының кенеттен төмендеуімен сипатталады.

Штаттың бас министрі Йоги Адитянат арнайы медициналық бригадалар аурудың өршуі байқалған жерлерге жіберілетінін айтты. Науқастардың қан үлгілері зерттеуге жіберілді.


Коронавирус аурудан бірнеше ай өткеннен кейін де ішекте анықталады 


"Біз бұл ауруды зерттейміз және жылдам әрекет етеміз. Арнайы топтар құрылды. Билік органдарынан пациенттерді ауруханаларға тезірек жеткізу үшін жедел жәрдем жіберуді сұрады", – деді ол.

Бірқатар дәрігерлер бұл ауыр деңгейдегі денге безгегі болуы мүмкін деп санайды. Аурудың қоздырғышы – масалар. Қазіргі уақытта Үндістанда жауын-шашын маусымы жалғасуда, оның барысында масалар саны күрт артады.

Назерке Мұса
Сейсенбі, 31 Тамыз, 2021 13:35
Талқылау