Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үндістандағы ұшақ апаты: Көз жұмғандардың саны белгілі болды

Үндістанда әуежайға қонар кезде апатқа ұшыраған әуе кемесінің 17 жолаушысы көз жұмғаны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

ұшақ

Жергілікті үндістандық арна опат болғандардың саны 17 жеткенін мәлімдепті. Тағы 120 адам түрлі жарақат алған.

Айта кетейік, Air India Express әуе компаниясының ұшағы Дубайдан оралған. Жалпы алғанда лайнер бортында 190 адам, оның 174-і ересектер, 10 бала, екі пилот және төрт экипаж мүшесі. Ұшақ шетелде қалып қойған жолаушылар елге алып келу мақсатында Дубайдан келіпті. 

Керал штатының министрі Пинарайя Виджаян қазіргі таңда құтқару жұмыстары аяқталып, ұшақта болғандардың барлығы ауруханаға жеткізілгенін мәлім етті. 

Еске салайық, бұған дейін ұшақтың екіге опырылып қалғаны түсірілген видео әлеуметтік желіде таралған болатын.

Талқылау