Үндістанда 4 аяғы бар қыз бала дүниеге келді
Үндістанның Раджстан штатында төрт аяғы, екі қолы бар сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сәби Үндістанның мемлекеттік ауруханаларының бірінде дүниеге келген. 24 жастағы әйел қызбен бірге ұл бала босанған. Дәрігерлер бастапқыда үшем дүниеге келуі керек болған деп болжады.
Жүктілік кезінде әйел адам бір де бір рет дәрігерге қаралмаған, сол себепті сәбилердің денсаулығын алдын ала білмеген.
Мамандар қыз баланың артық аяғын отаның көмегімен алып тастамақ. Бастапқыда қыз баланың тыныс алумен проблемасы болып, оны арнайы құралға қосқан. Қазір өмір үшін маңызды органдардың жағдайы жақсы.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"