Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық полицейлер бүкіл қала іздеген сөмкені тапты

Қазақстандық азамат ұлының отасына қажетті заттарды таксиде ұмытып, бүкіл қала жұртшылығын тік тұрғызды. Жоғалған сөмкені іздеуге полициядан бастап, елімізге танымал жұлдыздар атсалысты, деп хабарлайды Stan.kz.

Алматылық полицейлер бүкіл қала іздеген сөмкені тапты

Азамат таңертең Алматы-1 вокзалынан Софья-Болотников көшелерінің қиылысына дейін такси ұстаған. Межелі жерге жеткен соң, таксиден түсіп жөнімен кеткен. Көп ұзамай сөмкесін көлікте ұмыт қалдырғанын түсінген. Ал онда жеткіншектің еміне қажетті құрылғылар болған.

“Бүгін таңертең ұлымен бірге таксиге отырған ер адам онда сөмкесін қалдырып кетті. Такси Алматы-1 вокзалынан Софья-Болотников көшесіне дейін жеткізген.

Ал сөмкеде операцияға қажетті заттар болған. Сыйақыға қайтарып берулеріңізді сұраймын”, – деп жазған науқас баланың анасы Диля Короткова.

Аталған жазбаны танымал қазақстандық жұлдыздар мен қоғам белсенділері желіде бөлісті. Полиция да шұғыл іске кіріскен.

“Қазір ғана полиция камера арқылы жүргізушімен байланысты. Енді сөмкені әкелуін күтіп отырмыз”, – деп қуанышты хабарды жеткізді ол.

Оқиғаға қатысты Алматы қалалық ІІД жедел жауап берді.

“Өтініш берушіге бірден Алмалы аудандық жедел тобы жіберілді. Әкесі мен ұлы полицияны Тілендиев пен Болотник көшелерінің қиылысында күтіп тұрды. Сондай-ақ, іздеу жұмыстарына қылмыстық полиция да қосылды. Аз уақыттың ішінде көлік табылды. Сол сәтте жүргізушімен хабарластық. Өкінішке қарай, ол да сөмке туралы ұмытып кетіпті. Қазір ол Алматы облысының Жамбыл ауданынан қалаға қарай келе жатыр”, – дейді Алматы қаласы, ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек.

Жіберіп алмаңыз:

Оралда сәбиін құрылыс алаңына тастап кеткен әйел ата-ана құқығын қайта алмақ

Астанада қатты аяз кезінде 10 жасар бала жоғалып кетті

Өскеменде арбаға таңылған әйел 80-нен асқан қарияларды үйіне кіргізіп, бағып отыр

Жеңгетай “Мама Роза” мен жезөкшелере қорған болған полковник кім? (фото)

Талқылау