Ұлыбританияда жылқыға арналған әлемдегі алғашқы костюм көрсетілді (фото)
Ұлыбританиядағы Глостерширдегі жыл сайынғы бәйгеде жылқыға арналған әлемдегі алғашқы костюм көрсетілді.
Айта кету керек, костюмді белгілі модельер Эмма Сэнхэм-Кинг қымбат матадан тіккен. Бұл мата 10 адамға киім тігуге жетер еді.
Cheltenham Festival 2016 бәйгесінде таныстырылған костюм көрермендерге ұнады. Киім Морстид есімді жылқыға кигізілді.
Бұған дейін британдық дизайнердің жылқыға арнап осы костюмды тіккені жайлы жайлы хабарлаған едік.
Талқылау