Ұлы мен қызы, немересінен айырылған әже: Айыпталушылар кешірім де сұрамайды, сотқа да келмейді

Өткен күзде мас жүргізушінің кесірінен жалғыз ұлынан, қызы мен жиенінен айырылған әже кінәлі адам жазадан құтылып кете ме деп қауіптенеді. Ол марқұмдардың туыстарынан кешірім сұрамақ түгілі, әрнәрсені сылтауратып сот отырысына келмейді екен.

Ал соңғы сот тыңдалымында қарсы бетке әдейі шыққан жоқпын, дөңгелектің ақауынан рөлге ие бола алмай қалдым деген уәж айтқан. Алайда, осыған дейін тергеушілерге берген жауабында ол жайлы тіс жармапты. Үш бірдей жақынын бір күнде жер қойнына тапсырған Өтеповтер әулеті айыпталушыға ең қатаң жаза тағайындалса дейді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Төрт ай бұрын бір күнде үш бірдей жақынын жерлеген Зинабөбе Өтепова өзін қоярға жер таппай жүр. “Жалғыз ұлымның артында тұяғы да қалмағанын ойласам, өзегім өртеніп, қысты күні сыртқа жалаңаш шығамын” дейді. Ол аздай, апатқа кінәлі жүргізуші төрт рет сот отырысын сан сылтаумен кейінге шегеріп, Есік пен Алматының ортасына қатынаумен болдық деп ашулы.

«Сот әділ жүрсе екен деймін. Менің үш баламды өлтіріп отыр ғой. Біресе көлігімнің ақауы бар деп бір рет шегерді. Бір рет адвокатымды ауыстырып, артқа шегеруде» – дейді марқұмның анасы Зинабөбе Өтепова.

Сұмдық жол апаты былтыр 26 қыркүйек күні кешкі сағат 22.30-дарда болған. Зинабөбе әжейдің ұлы Ринат Өтепов Ауди көлігімен туған әкпесінің отбасын алып, Сүйінбай көшесімен үйіне қарай бет алыпты. Көлікте бес адам отырған, оның екеуі бала. Шолохов көшесіне жеткенінде оларды қатты жүйтікіген Volkswagen Touareg келіп бетпе бет соғады. Жүргізуші мен артындағы келіншек және оның үш айлық сәбиі сол жерде мерт болған.

«Анау водительді полицейлер алып кетіп жатты. Аяғынан тұра алмайды  мас. Біреуімізден кеп кешірім сұраған жоқ. Бір бала жетім қалды. Ешкімге ештеңе айтпаған. Шешені баласыз қалдырған. Баланы шешесіз қалдырған» – дейді марқұмның қайып анасы Индира Қашынбаева.

Қатты соққыдан Аудидің сау тамтығы қалмаған. Ал, көз жұмған келіншектің күйеуі мен үш жасар қызы ауруханада біраз емделіп шығыпты. Осыған дейін тыңдалымдарда куәгерлер көліктің ішінде ішімдік болғанын айтып, жүргізушінің мастығы да расталыпты. Енді судья алдында жауап берген кінәлі жүргізуші ащы суға тойып алғанын мойындағанымен, кінәні өзінен емес, темір тұлпардан іздеуде.

«Мен жайдан-жай қарсы бетке шығып кетпеймін. Әрине, өкінемін, мас күйі рөлге отырғаныма. Бірақ, Қапшағайдан келе жаттым мен. Жолда бір рет дыбыс естідім. Екінші рет дөңгелек жақтан қатты дыбыс естілгенде рөлге ие бола аламай қалдым» – дейді айыпталушы Владислав Бакшиев.

Бет-жүзін түсіруге рұқсат бермеген айыпталушының дәл осы жауабы марқұмның туыстарының шамына тиюде. Көліктің ақауын сылтаурап, жазасы жеңілденеді деп қорқады. Бірақ, осы жауаптарының біреуі де тергеу барысында айтылмапты. Ал, үш адамның өліміне кінәлінің шешесі ұлымның ішкенін жақтамаймын да, даттамаймын дейді. Тек оның да бес баласы барын алға тартып, судьядан қайырымдылық күтіп отырғанын айтты.

Ұлы үшін ұялған анасы аты-жөнін де жасырды. Сот отырысынан соң жалғыз ұлы мен қызынан немересінен айырылған шешеден кешірім сұрады. Алайда, марқұмның туыстары ешқандай кешірім жоқ, сот ең ауыр жаза тағайындаса деп қалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр