Ұлттық нақышта киініп, қазақи ән салған Айдана Меденова тыңдарманын таңғалдырды (видео)
Айдана Меденова деген кезде көпшілік шетелдік стильге әуес заманауи әншіні елестетеді. Дәл осы себепті болар, тыңдарман қауым ұлттық нақышта киініп, қазақи стильде ән салған Айдананы танымай қалды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Айдана Меденова жас әнші Азамат Бекбергеновпен бірге дуэт орындап, бейнебаян түсірді. “Махаббат аңызы” атты трек “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” телехикаясының саундтрегі болып табылады. Жаңа әннің сазын Арман Дүйсенов, ал сөзін Асқар Дүйсенбі жазған.
Аталған фильм Баян Мақсатқызының продюсерлігімен түсірілгенін айта кетейік. Фильмде басты рөлді Мақсатқызының жас “жұлдызы” Гүлзада Тұрлаш пен “Алау” тобының солисі Ержан Мұқатаев сомдаған. Аңыз желісімен түсірілген тарихи телехикая 25 желтоқсаннан бастап көрерменге жол тартпақ.
Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981
Жіберіп алмаңыз:
Байқұс қазақ халқы: Жан Ахмадиев шахтерлер көтерілісін клипке арқау етті (видео)
Джах Калиб қазақстандық әншілердің неге шетелде тез танылатынын түсіндірді
Маржан Арапбаева Димаштың жұлдызын жаққан Қытайдағы ән байқауына қатыспақ
Алтынай Жорабаеваның ата-анасы алғаш рет қыздарының ажырасуына қатысты пікір білдірді